389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 30-ға жетті

  • 166
  • UPD: 08:16, 30.09.2019
Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 30-ға жетті life.ru

Индонезияның Серам аралында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 30-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 156 тұрғын түрлі жарақат алған. 25 мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге көшкен. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жалғасуда. Көптеген үй мен ғимарат қирап бүлінген.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні Индонезияның Серам аралында 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Кайрату қаласынан 8 шақырымдай жерде, 30 шақырымдай жерде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы