389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA Марсқа кез-келген адамның есімін жібереді

  • 242
  • UPD: 09:56, 30.09.2019
NASA Марсқа кез-келген адамның есімін жібереді korrespondent.net

Америка Құрама Штаттарының (NASA) Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы Mars 2020 миссиясының аясында кез-келген адамның атын Марсқа жібереді, деп хабарлайды korrespondent.net.

Өз атыңызды Марсқа жіберу үшін 30 қыркүйекке дейін NASA сайтына тіркелу керектігі жазылған компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында. Бұл жағдайда адамдардың аттары арнайы микрочиппен басқа ғаламшарға жіберіледі. Ол келесі жылдың шілде айында Марсқа баратын құрылғыға орналастырылады.

NASA сайтында жарияланған 29 қыркүйектегі ақпаратқа сәйкес, есімдердің көпшілігі Түркиядан (2,5 миллион) тіркелген. Екінші орында Үндістан тұрғындары (шамамен 1,6 млн есім) тұр. Америкалықтардың ішінде 1,3 миллион адам өз есімдерін тіркеген. Ал Украинадан 56 мың адам тіркелген.

Айта кетсек,  «Starship» ғарыш кемесі сапарға аттанады.

Дайындаған: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы