389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде 20 мың адам саяси тұтқындарды қолдап, ереуілге шықты

  • 191
  • UPD: 10:04, 30.09.2019
Мәскеуде 20 мың адам саяси тұтқындарды қолдап, ереуілге шықты

Демалыс күндері Мәскеу халқы үшін де тыныш өтпеді.

Онда 20 мың тұрғын көшеге шығып, биліктен осы жазда тұтқындалған ереуілшілерді босатуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, шілде айында жергілікті сайлауға оппозиция кандидаттары жіберілмей қойғанда наразылық акциясына шыққан бірнеше тұрғын темір торға қамалған болатын. Тұтқындалғандардың бірнешеуі төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды, қалғандары тәртіп сақшыларына қарсы күш көрсеткен үшін жауапқа тартылды. Бұл жолғы қатысушылар «Оларды босатыңдар!», «Саяси тұтқынға еркіндік керек!» деген лозунгтармен шыққан. Бұл акцияға Мәскеу әкімшілігі рұқсат берген.

Хабар 24 телеарнасы