389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

  • 163
Жаңа Зеландияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады ria.ru

Жаңа Зеландиядағы Тараруа Рендж ұлттық парк аумағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдай салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды New Zealand Herald.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес ұшақ Фокспайн әуежайынан көкке көтеріліп, кейін байланыс үзілген. Әуе көлігінің бөлшектері бір тәулік өткеннен кейін табылып отыр.

Қазір мамандар апаттың себебін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы