389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лесбос аралындағы босқындар лагерінен өрт шықты

  • 192
  • UPD: 10:58, 30.09.2019
Лесбос аралындағы босқындар лагерінен өрт шықты

Грекияның шығысында орналасқан Лесбос аралында босқындар лагерінен өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы ондаған адам зардап шекті. Құтқарушылардың айтуынша, қызыл жалын контейнерлердің бірінен тұтанған. Онда мигранттар далаға от жағып, биліктен өздерін аралға көшіруді талап еткен. Наразы топты тарқатып, жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Айта кетейік, қазір босқындар лагерінде барлығы 12 мың адам бар. Соңғы айлары Грекияға Түркиядан 8 мың мигрант бас сауғалап келген.

Хабар 24 телеарнасы