389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрия Еуроодақ құрамында қалатын болды

  • 213
  • UPD: 13:35, 30.09.2019
Венгрия Еуроодақ құрамында қалатын болды

Венгрия, Еуропалық Одақ құрамынан шықпайды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткердің соңғы кездері Брюссельмен қарым-қатынасы нашарлап кеткен. Себебі Орбан мигранттарға қатысты қатаң саясатты ұстанады. Сондай-ақ Орбанның Бұқаралық ақпарат құралдарын, сот жүйесін және академиялық институттарды бақылауда ұстайтын басқару бағыты Еуроодаққа ұнамайды. Венгрия премьерінің осындай ұстанымынан кейін мемлекет Ұлыбританияның ізінше Одақтан кетеді деген қауесет пайда болған еді.

Виктор Орбан, Венгрия премьер-министрі:

- Біз Еуропалық Одақтың мүшесіміз және оның құрамында қаламыз. Өз елдерін көпұлтты мемлекетке айналдырғысы келсе, ол өздерінің шешімдері. Бірақ біздің Отанымызда тек венгрлер тұрып, тек өздері ғана шешім қабылдауы керек.

 

Хабар 24 телеарнасы