389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Монтана штатында жауған қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен

  • 224
  • UPD: 22:34, 30.09.2019

АҚШ-тың Монтана штаты қалың қар астында қалды. Дүлей дауыл Грейт-Фолс қаласының үстімен өтіп, адамдарды әуре-сарсаңға салды.

Штаттың Кейбір өңірлеріне түскен қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен. Мамандар бұндай жағдай соңғы 85 жылда болмағанын айтады. Қазір де аймақта қар аралас қатты жел тұр. Салдарынан өңірде көлік қозғалысы тежеліп, электр желілері үзілді. Штат губернаторы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өңірде төтенше жағдай режимін жариялады. Шаһардағы мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Жергілікті билік күн жылынып қар ерісе су тасқыны басталу қаупі бар деп дабыл қағып отыр. 

Су тасқыны демекші, Үндістанда жауын-шашын маусымы басылар емес. Тасқын мен лай көшкіні елдің астан-кестеңін шығарды. Табиғат апатынан бір аптаның ішінде 130 адам жан тапсырды. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Мерт болған 87 адам Уттар-Прадеш, ал 27 адам Бихар штатының тұрғыны.  Елдің солтүстік өңірлерінде барлық  мемлекеттік ғимараттар мен оқу орындар жабық. Темір жол мен әуе қатынасы да тежелді. Су басқан елді-мекендердің басым бөлігінде жарық пен ауыз су тапшы. Жуырда жергілікті билік тасқыннан мерт болғандардың отбасыларына қомақты қаражат бөлді. Ал, мамандардың болжамы көңіл көншітпей тұр. Сол себепті тұрғындарға алыс сапарға шықпай, үйлерінде отыруға кеңес берілді.

- Баспаналарымыздың тас-талқаны шықты. Енді қайда барып паналаймыз. Қолымызда қолшатырдан басқа түк жоқ. Далада қалдық.

- Көріп тұрғандарыңыздай жағдаймымыз өте нашар. Су кетіп жатқан жоқ. Көліктеріміз де көрінбей кетті.

Ұлыбритания мен Шотландия тұрғындары тасқынның зардабын тартуда. АЙмаққа бірнеше күн  ҚАР  аралас жауын жауған. Табиғат апатынан көшеде тұрған көліктер мен ғимараттар топан су астында қалды. Тасқын салдарынан Шотландияда көпір опырылып түскен. Мамандар ауа райының күрт өзгеруі Атлант мұхитында ойран салға «Лоренцо» дауылымен байланыстырып отыр. Болжам бойынша долы дауыл Ұлыбритания аралдарына жақындап келеді. Сол себепті аймақта қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды. Апаттан зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. 

Йемендегі босқындар лагері де тасқынның зардабын шегуде. Онсыз да жетіспей жүрген босқындардың жағдай одан бетер нашарлады. Қазір аймақта азық-түлік, дәрі-дәрмек пен ауыз су тапшы. Айта кетейік, Йеменде 2014 жылы азаматтық соғыс басталғалы баспанасынан айырылғандардың қатары жыл сайын артып барады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір 2 млн жуық босқын уақытша лагерлерде. Елде гуманитарлық дағдарыс орын алды. Салдарынан аймақта аурудың түр-түрі тез тарап барады. 

- Азық-түлігіміздің барлығы су болды. Күріш, қант, майымыздан айырылды. Күллі лагерь тұрғындары қиналып, аш құрсақ жүр.

- Заттарымыз жарамсыз күйге айналды. 8 балам бар. Түнейтін жер таба алмай жатырмыз. Сондықтан шатырымның ішін судан тазалап жатырмын. 

Индонезияда 30 адам зілзала құрбаны болды. Мерт болғандардың ішінде балалар да бар. Жер сілкінісінен тағы 156 адам түрлі жарақат алған. Одан болек 25 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды. Аймақта жер асты дүмпуі ғимараттардың тас талқанын шығарған. Қазір 200 мыңға жуық адам уақытша баспанада. Табиғат апатынан зардап шеккен аудандарда қазан айының 9-ына дейін төтенше жағдай режимі жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы