389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде содырлар әскерилерге шабуыл жасады

  • 150
Сомалиде содырлар әскерилерге шабуыл жасады

Сомалиде содырлар АҚШ базасы мен италиялық әскерилерге шабуыл жасады.

Қаруланған адамдар Баледогле әуе айлағындағы америкалық әскери база мен Сомалидің астанасында Еуроодақтың жаттығу миссиясымен жүрген италиялық автомобильдер тізбегін нысанға алған. Шабуылды Аш-Шабаб лаңкестік ұйымы өз мойнына алды. Әзірге зардап шеккендер мен құрбандар туралы ақпар келіп түскен жоқ. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, шабуыл кезінде жарылыс пен атыс-шабыс орын алған. Сомалидегі АҚШ елшісі Дональд Ямамото бұл террорлық әрекетті қатаң сынға алды.

Айта кетейік, Баледогле әуеайлағында АҚШ-тан келген жаттықтырушылар Сомалидің арнайы жасақтарын дайындайтын оқу орталығы орналасқан. Ал ЕО миссиясы әскери армия мен қауіпсіздік күштері үшін оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде.

Хабар 24 телеарнасы