389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия мен Ирак алғаш рет шекарадағы бақылау бекетін ашты

  • 194
Сирия мен Ирак алғаш рет шекарадағы бақылау бекетін ашты

Сирия мен Ирак 2013 жылдан бері алғаш рет шекарадағы бақылау-өткізу пунктін ашты.

Еске салсақ, ол Ирак және Левант лаңкестік ұйымы бақылауына өткеннен кейін жұмыс істемей қалған еді. Қазір аталған бақылау-өткізу пункті азаматтар мен көліктерді қабылдауға толықтай дайын. Бұл туралы екі елдің де билігі хабарлады. Өткен жылы Сирия әскері Дейр-эз-Зор мен Хомс провинцияларында террористерге тойтарыс беріп, аймақты азат еткен еді. Осылайша, Сирия мен Иракты байланыстыратын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі шешілген болатын. Айта кетсек, бұған дейін Араб Республикасының көлік министрі Али Хамуд шекарадағы бақылау бекеттерін ашуға дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда қазір Бағдадтың бірқатар логистикалық мәселені шешуін күтіп отырғанын жеткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы