389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаитиде қақтығыс кезінде 4 адам қаза тапты

  • 145
Гаитиде қақтығыс кезінде 4 адам қаза тапты

Гаитиде полиция қызметкерлері ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ бен оқ-дәрілер қолданған.

Салдарынан қақтығыс кезінде 4 адам қаза тапты. Соған қарамастан елдегі ереуілдер басылар емес. Гаити тұрғындары азық-түлік және жанар-жағармай тапшылығына наразы. Валютаның құнсыздануы, инфляция, шенеуніктер жемкорлығына да халықтың көңілі толмай отыр. Сондай-ақ ереуілшілер президент Жовенель Моизаның биліктен кетуін талап етуде. Себебі бұл саясаткер мемлекеттегі күрмеуі қиын мәселелерді шеше алмайды, дейді наразы халық.

Айта кетейік, соңғы айлары елді жайлаған ереуілдер мемлекет тарихындағы ең қатаң әрі ең ауқымдысы болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы