389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда көпір құлап, 20 адам жарақат алды

  • 183
  • UPD: 17:30, 01.10.2019
Тайваньда көпір құлап, 20 адам жарақат алды

Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиға кезінде көпірде 5 адам болған.

Қазір апат орнында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай көпірден бензин автоцистернасы жүріп бара жатқан кезде орын алған. Кейін көлік көпірден құлап, өрт шыққан.

Айта кетсек, ұзындығы 140 метрді құрайтын көпір аймақтың ең көрікті жерлерінің бірі саналады. Ол осыдан 20 жыл бұрын тұрғызылған.

Хабар 24 телеарнасы