389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демократтар Трамптың адвокатын сотқа шақырды

  • 133
  • UPD: 20:17, 01.10.2019

АҚШ президентіне қарсы импичмент процесін бастаған демократтар Трамптың адвокаты Руди Джулианиді сотқа шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Дональд Трамптың Украинамен арадағы электронды жазбаларына, телефон қоңырауларына, смс-хаттарына қатысты мәліметтерді сұрап отыр. Өкілдер палатасы тінту комитетінің пікірінше, президент пен оның әкімшілігі Украинаға қысым көрсетеу арқылы 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға әсер етпек.

Руди Джулиани, Д.Трамп адвокаты:

- Импичментке қатысты тергеуді Өкілдер палатасының тінту комитеті жүргізіп отыр. Демократ Адам Шифф алдын ала барлығын шешіп қойған. Сондықтан оларға көмектесемін деп айта алмаймын. Дегенмен, Трамп менің түсініктеме бергенімді қаласа, әрине келісемін.

Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп керісінше, осы тергеумен айналысатын конгрессмен-демократ Адам Шиффті мемлекетке сатқындық жасады деп айыптап отыр. Трамптың пікірінше, Шифф Зеленскиймен телефон арқылы әңгімесін толық емес әрі жалған ақпарлармен таратқан.

Хабар 24 телеарнасы