389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея ұшырған зымыран Жапония аумағына құлады

  • 226
  • UPD: 08:04, 02.10.2019
Солтүстік Корея ұшырған зымыран Жапония аумағына құлады

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай 2 баллистикалық зымыран ұшырды. Олардың біреуі күншығыс елінің Симанэ прфектурасына қарасты экономикалық аймағына түсті.

Бірақ ешқандай кеме жапа шекпеген. Жапония Қорғаныс министрлігі зымырандар туралы ақпарат жинауда. Ал Оңтүстік Корея олардың Вонсан портына жақын жерден атылғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, кеше Вашингтон мен Пхеньян Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша келіссөзді қайта бастайтынын хабарлады. Дерекке сүйенсек, Солтүстік Корея шілде айынан бері жақын қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды ұшыруды жиілеткен. Тамыз айының өзінде Пхеньян 5 сынақты жүзеге асырған.

Хабар 24 телеарнасы