389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан тау теке, қабан мен елікті атуға тыйым салмақ

  • 168
  • UPD: 11:41, 02.10.2019

Қырғызстан парламенті сирек кездесетін жануарлар түрлеріне аң аулауға мораторий енгізу ұсынысын қарастырып жатыр. Тау текелері, қабандар мен еліктерді аулауға уақытша тыйым салу олардың санын арттыруға септігін тигізіп, бұл жануарларды келер ұрпақтарға сақтап қалады.

Табиғат қорғаушыларының пікірінше, Қырғызстанның Қызыл кітабына енген жануарлар санын қауіпсіз деңгейге жеткізу үшін жиырма жыл керек.  Марко Поло архарлары, ешкімүйіздер, қабандар және еліктер заңмен қорғалғанмен, өкімет оларды аулауға рұқсат береді. Бұл рұқсаттарының саны шектеулі болса да, экологтар бұған да тыйым салу қажет деп санайды. 

Анна Кириленко, экологиялық қозғалыстың жетекшісі:

- Мораторийдің мақсаты жануарлар санын арттыру. Екінші жағынан, жақсы істейтін жүйені қалыптастыру. Бұл шараны қолға алмасақ, осы аңдар мүлдем құрып кетуі мүмкін. 

Марко Поло архарының біреуін атуға рұқсатқағаз 750 мың сом тұрады. Бұл он мың доллардан асатын сома. Осындай қымбат аң аулауды тек дәулетті шетелдіктердің қалтасы көтеретіні анық. Заң бойынша, архарлардың тек бір пайызын атуға болады. Алайда экологтардың пайымдауынша, елде қанша архар қалғаны және қаншасы атылатыны туралы нақты мәлімет жоқ. Бұл өзге де жануарларға қатысты болып тұр. 

Влад Ушаков, эколог:

- Мәселен бір ауылға келсең, ақсақалдар бұрын тауларда архарлар мен текелер үйір-үйірмен жайылып жүретінін айтады. Ал қазір бір-екеуін ғана көресің. Бүкіл елде жағдай осындай. 

Аң аулауға мораторий енгізудің тағы бір себебі жануарлардың бұл түрлерімен барыс қоректенеді. Тау текелері, еліктер мен ешкімүйіздер саны азайғандықтан, осы жыртқыштарға жем жетпеуде. Аң аулайтын шаруашылықтардың иелері бұл кәсіптің қазынаға қомақты қаражат әкеп жатқанын алға тартса да, Қырғызстан парламентіндегі 120 депутаттың 41-і осы бастаманы қолдап отыр. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы