389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада он үш штатты су басты

  • 177
  • UPD: 14:08, 02.10.2019
Мексикада он үш штатты су басты

Мексиканың оңтүстік-батысында «Нарда» циклоны салдарынан толассыз жауын жауды.

Өңірдің 13 штаты су астында қалып, билік өкілдері төтенше жағдай режимін жарияламақ. Одан бөлек, Тынық мұхиты жағалауында орналасқан кішігірім елді мекендерден 250 адам  эвакуацияланды. Су тасқынынан Оахаку, Герреро, Мичоакан, Халиско және Наярит штаттары қатты зардап шеккен. Зардап шеккендер мен құрбандар туралы ақпар әлі келіп түскен жоқ. Жергілікті билік құтқару жұмыстарын бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы