389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаитиде жанармай тапшылығына байланысты халық шеруге шықты

  • 182
Гаитиде жанармай тапшылығына байланысты халық шеруге шықты

Гаити астанасында жанармай тапшылығына байланысты наразылық шеруі өтті.

Тұрғындар шаһардағы барлық ірі жолдарды бөгеп, дөңгелектер жағып, тәртіпсіздіктер болды. Халық дағдарысқа президент Жовенель Моиз кінәлі дегенді айтады. Себебі үкімет жанармай жеткізуші компаниялардың 100 миллион қарызын өтемей, олар бензин сатуды тоқтатқан. Бұл бірлестіктердің банктен несие алуына кедергі болған.

Айта кетейік, Гаитиде президент Жовенель Моизге қарсы наразылық ақпан айынан бері жалғасып келеді. Оған елдегі экономикалық жағдайдың нашарлап, азық-түлік бағасының шарықтауы себеп.

Хабар 24 телеарнасы