389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан ЕАЭО қатарына кірмек

  • 624
  • UPD: 20:51, 02.10.2019

Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың мәлімдеуінше, Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруді ойластырып отыр.

Алайда бұл елдің одақ қатарына қосылуы ұзаққа созылуы мүмкін, ол Молдова секілді бұл істі байқаушы мәртебесінен бастауы мүмкін. Интеграция келешегін зерттеу орталығының сарапшысы Сергей Рекеда осындай пікірді білдірген. Ол көрші Тәжікстанда Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесін 2015 жылдан бері қарастырып келеді.

Сергей Рекеда, сарапшы:

– Ресей де, Қазақстан да Өзбекстанның ең ірі 5 сауда серіктестерінің қатарында. Еуразиялық экономикалық одақпен сауда айналымы Өзбекстанның бүкіл саудасының үштен бір бөлігін құрайды. Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одақпен бірлесе жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр, бұрын ондай әңгіме қозғамайтын. Алайда қорытынды шешім әлі қабылданған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы