389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та бомбалаушы ұшақ апатқа ұшырады

  • 152
  • UPD: 10:01, 03.10.2019
АҚШ-та бомбалаушы ұшақ апатқа ұшырады

Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомбалаушы ұшақ АҚШ-тың халықаралық Брэдли әуежайында апатқа ұшырады.

Полицияның мәліметінше, әуе көлігі қону сәтінде құлаған. Төтенше жағдай салдарынан 7 адам көз жұмды. Ұшақ ескі техниканы жөндеумен айналысатын Collings Foundation қорына тиесілі.

B-17 ұшағы 1945 жылы сәуір айында құрастырылған. Ол ядролық сынақтарды бақылау мақсатында қолданылып келген.

Хабар 24 телеарнасы