389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ еуропалық автокөліктерге 25%-тік баж салығын салмақ

  • 179
  • UPD: 10:12, 03.10.2019
АҚШ еуропалық автокөліктерге 25%-тік баж салығын салмақ

Кезекті сауда соғысы. Бұл жолы Құрама штаттар батысқа сес көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни Еуроодақ елдері Американың сұйытылған табиғи газына терминалдар тұрғызуды бастамаса, АҚШ еуропалық автокөліктерге 25%-тік баж салығын салмақ.

Айта кетейік, Ақ үй басшысы Дональд Трамп өзінің сайлауалды науқаны кезінде-ақ сыртқы нарықтарда «энергетикалық басымдық» стратегиясын ұстанатынын мәлімдеген еді. Сондықтан Еуроодақ елдерін Америка газын сатып алуға шақырған еді. Бұған қоса, Ресейден Германияға жол тартатын газ құбыры желісіне санкция салу керектігін де мәлімдеген болатын. Алайда Еурокомиссия бұған жауап ретінде көлемі 20 миллиард доллар болатын АҚШ тауарларына қосымша салық салатын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы