389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та питбуль қазақстандық дипломаттың қызын қауып алды

  • 214
  • UPD: 15:18, 03.10.2019

2019 жылдың 2 қазанында жергілікті уақытпен таңғы сағат 08.00-де Нью-Йорк қаласының Ривердейл ауданында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызын питбуль иті қауып алып, аяусыз тістеген, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі

Бала бет және мойын жарақаттарымен Бронкс ауданындағы «Jacobi Hospital» ауруханасына жеткізілді.

Мойын жіп пен тұмылдырықсыз ит тосыннан шығып, анасымен бірге балабақшаға бару үшін үйінен автокөлікке бара жатқан сәтте балаға шабуыл жасаған. Баланы иттен тартып алуға сол маңда өтіп бара жатқан ер кісі көмектескен.

Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, баланы ауруханаға жеткізген. Баланың өміріне қауіп төндіретін жарақаттар жоқ. Дәрігерлер қажетті операция жасады. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты және бірнеше күн ауруханада болады.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Баланың отбасы иттің иесін сотқа беруді жоспарлап отыр. Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы барлық қажетті қолғабыс көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы