389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньян зымырандардың сүңгуір қайықтан ұшырылғанын растады

  • 181
  • UPD: 12:02, 03.10.2019
Пхеньян зымырандардың сүңгуір қайықтан ұшырылғанын растады

Солтүстік Корея кеше 2 жаңа баллистикалық зымыранды сүңгуір қайықтан ұшырғанын растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар елдің шығыс жағалауынан атылған.

«Бірақ көрші мемлекеттерге еш қауіп төндірген жоқ», - дейді Пхеньян. Еске сала кетейік, кеше Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай 2 зымыран ұшырған болатын. Олардың бірі Жапонияның Симане префектурасына қарасты экономикалық аймаққа түсті. Бірақ ешқандай кеме зардап шекпеді. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері олардың Вонсан портына жақын жерден атылғанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы