389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиялық банктер көліктерді 0,49% несиемен сата бастады

  • 214
  • UPD: 12:31, 03.10.2019
Түркиялық банктер көліктерді 0,49% несиемен сата бастады

2019 жыл түрік автокөлік нарығы үшін аса жағымды көрсеткіштермен аяқталмауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркиялық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, елде 9 айда барлығы 281309 дана автокөлік сатылған. Бұл алдыңғы жылдың бірдей маусымымен салыстырғанда 39,3%-ке кем. Бұған елдегі экономикалық жағдай себеп. Өйткені елге импортталатын көліктер американ долларымен алынады. Соңғы 2 жылдың көлемінде валюта бағамы едәуір артқаны мәлім. Сондай-ақ көліктерге арналған салықтар көлемі өте жоғары. Мысалы, көліктің бағасы 100 мың болса, оның 60-70 мыңы түрлі салықтар құрайды екен. Бұдан бөлек, елдегі жанармай құны 7 түрік лирасы. Төл ақшамызға шаққанда 475 теңге деген сөз. Түркия үкіметі елдегі автокөлік нарығын біржола банкроттықтан сақтау үшін жергілікті банктер несиелеу бағдарламасын іске қосты. Оның аясында түрік жұрты елде шығарылған автомобильдерді небәрі 0,49%-тен басталатын несиемен ала алады.

Мұрат Гүнай, көлік компаниясының атқарушы директоры:

- Еліміздегі автомобиль нарығы 9 айда орын алған құлдыраудан кейін еңсере алған жоқ. Алайда, қазан айында басталған несиелеу бағдарламасынан кейін автокөлік саудасы 3-4 есеге өсті. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, жыл басынан бері нарық тоқтап қалған болатын.

Гокхан Йазар, автокөлік дүкенінің иесі:

- Елімізде жаңа көліктерге арналған салықтар көп. Сондықтан алушылар қайталама нарықтағы (вторичный рынок) өнімдерге бет бұрады. Бағаларымыз да едәуір арзан. Содай-ақ біздегі көліктерге де несиелік бағдарламалар қарастырылған.

Волкан Аталай, сатып алушы:

- Көлік алу үшін арнайы Ыстамбұлдан Анкараға келдім. Жаңа көліктердің бағасы қымбат. Сондықтан қайталама нарықтағы (вторичный рынок) көліктерді қарап жүрмін. Ыңғайлы көлік пен несие болса, бүгін үйге темір тұлпармен кетуді көздеп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы