389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда жекеменшік секторының өкілдері ереуіл жариялап, шеруге шықты

  • 150
  • UPD: 17:56, 05.10.2019

Грекияда жекеменшік секторының өкілдері ереуіл жариялап, наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлер үкіметтің еңбек заңын реформалауға қарсы. Себебі, билік ереуіл өткізу мен кәсіподақтарды тіркеуді өзгертпек. «Бұл жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуын тоқтатуға көмектеседі», - дейді үкімет. Алайда ереуілшілер «реформа жұмыссыздықты азайтуға еш септігін тигізбейді деп отыр. Парламент болса, заң жобасын осы айда талқылауы тиіс.

Блиц 1:

Үкімет бұл арқылы кәсіподақтың еркіндігін шектемек. Біз бұған жол бермейміз. Мұндай реформалар ешқашан ешбір елде жеңіске жеткен емес.

Блиц 2:

- Бұл реформа бізді ортағасырлық еңбек жағдайына түсіреді. Себебі кәсіпкер мен олардың бәсекелестікке қабілетін арттыру үшін ғана жүзеге асырылғалы отыр.

Хабар 24 телеарнасы