389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдерінде ереуіл белең алды

  • 145
  • UPD: 21:31, 03.10.2019

Иракта Халықтың Үкіметке қарсы ереуілі әлі де басылар емес. Сейсенбі күні ел астанасы Багдадта бейбіт түрде басталған наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласты.

Халық елде  жұмыссыздықтың және жемқорлықтың белең алуына наразы. Тіпті қоғамдық қызметтің жұмысына да көңілдері толмайды. Айтуынша, аймақта электр қуаты мен ауыз су тапшы.  Ашынған жұрт мемлекеттік мекемелер мен елшіліктер орналасқан жасыл аймаққа қарай бет алды. Ереуіл тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Ақпарат көздері полиция халыққа оқ жаудырып, көз жасаурататын газ қолданғанын хабарлайды. Салдарынан 10-нан астам адам қаза тапты. Тағы 200-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған.

БЛИЦ:

- Халық әбден ашынып отыр. Бізді ешкім тоқтата алмайды. Билікті ауыстыру керек. Толып кеткен партияларды қолдамаймыз. Үкіметке алдымен бір жыл, кейін тағы уақыт бердік. Алайда өміріміз өзгерген жоқ.

- Коменданттық сағат енгізсе де біз басылмаймыз. Мүмкін емес нәрсені талап етіп отырған жоқпыз. Балаларымыздың болашағы үшін шығып отырмыз. Олардың жақсы өмір сүруі үшін жанпида. 

Жергілікті билік Facebook, Twitter, Instagram, WhatsApp сияқты барлық әлеуметтік желілер мен Мессенджерлерді бұғаттап тастады. Бұл туралы NetBlocks үкіметтік емес ұйымы мәлімдеді. Сонымен қатар аймақта коменданттық сағат енгізілді. Ал Ирактың қоғаныс министрлігі ел әскеріне толық жауынгерлік дайындықта болуды бұйырып отыр. 

Грекияда жекеменшік секторының өкілдері ереуіл жариялап, наразылық шеруін өткізді. Сонымен қатар демонстрацияға мыңдаған мұғалім мен банк қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысқан. Кәсіпкерлер,, үкіметтің еңбек заңын реформалауға қарсы. Себебі, билік ереуіл өткізу мен кәсіпОдақтарды тіркеуді өзгертпек. Ереуілшілер реформа жұмыссыздықты азайтуға еш септігін тигізбейді деп отыр. Парламент болса заң жобасын осы айда талқылауы тиіс.   

 Үкімет бұл арқылы кәсіподақтың еркіндігін шектемек. Біз бұған жол бермейміз. Мұндай реформалар ешқашан ешбір елде жеңіске жеткен емес.

- Бұл реформа бізді ортағасырлық еңбек жағдайына түсіреді. Себебі кәсіпкер мен олардың бәсекелестікке қабілетін арттыру үшін ғана жүзеге асырылғалы отыр. 

Ал Мексикада 1968 жылы тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқан студенттердің құрметіне ереуіл өтті. Бұнда да шара тыныш болған жоқ. Шаһар көшелеріне шыққандар полициямен қақтығысып, салдарынан 14 адам жарақат алды. Олардың алтауы үкімет жасағы. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мың жасақ жұмылдырылды.

Ал Францияда керісінше полиция өкілдерінің айтар назы бар. Демонстрацияға 20 мыңға жуық адам қатысты. Наразылардың айтуынша, соңғы кездері әріптестерінің арасында өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кеткен. Биылдың өзінде 52 офицер суицид жасапты. Үкімет жасақтары бұған еңбек жағдайының қиындығы себеп дейді. Сонымен қатар елде белең алған ереуілдер тәртіп сақшыларының әбден ашу-ызасына тиген көрінеді. Тіпті полицияға шабуыл жасағандарды қатаң жазалау керек деген талап қойылды.

Хабар 24 телеарнасы