389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда алапат дауылдан 6 адам қаза тапты

  • 162
  • UPD: 23:41, 03.10.2019
Кореяда алапат дауылдан 6 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяда Митаг дауылынан 6 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын жоғалып кетті.

Дүлей желмен бірге жаңбыр құйып, көп елді-мекенді су басқан. Табиғат апаты кезінде жүздеген үй мен ғимарaт бүлініп, мыңдаған тұрғын электр энергиясынан ажырап қалды. Митаг дауылынан Жапонияда да жауын селдетіп, билік Сикоку аралының тұрғындарына қауіпсіз жерге көшуге кеңес беруде. Су тасқыны мен лай көшкіні қауіпіне байланысты көптеген мектеп жабылған.

Хабар 24 телеарнасы