389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда төтенше жағдай режимі енгізілді

  • 136
  • UPD: 08:12, 04.10.2019
Эквадорда төтенше жағдай режимі енгізілді Travel The World

Эквадорда жанармай нарығы саласындағы ереуілдерге байланысты төтенше жағдай режиімі енгізілді.

Бұл туралы ел президенті Ленин Морено мәлімдеді. Айта кетейік, елдегі жағдай жаңа заң жобасы қабылданған соң ушықты. Морено 3 қазаннан бастап дизель мен жанармайға бөлінетін субсидияны алып тастау туралы құжатқа қол қойған. Ізінше, елде отын бағасы шарықтап кетті. Наразы халық биліктен бұл реформадан бас тартуын талап етіп, көшеге шықты. Қаржы министрлігі субсидиядан бас тарту арқылы мемлекеттің 1,4 млрд доллар үнемдейтінін айтып отыр. Сондай-ақ Эквадор мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығатынын да жеткізді. Бұл шешімге мемлекет ел экономикасын тұрақтандыру үшін барған. 

Хабар 24 телеарнасы