389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ бірқатар еуропалық тауарға жаңа баж салығын енгізбек

  • 160
АҚШ бірқатар еуропалық тауарға жаңа баж салығын енгізбек НТВ

АҚШ Еуропадан импортталатын бірқатар тауарға жаңа баж салығын енгізеді.

Енді Еуроодақ елдерінен жеткізілетін көптеген өнім түрлеріне кедендік баж салығы 25 процентке өседі. Олардың арасында Шотландия вискиі, неміс кофесі, Британия жүні мен француз шарабы бар. Бұған қоса, Еуропада жасалған ұшақтарға да салынатын салық 10 пайызға артпақ. Алайда бұл америкалық әуе компанияларына кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі тасымалдаушы компаниялар аталған ұшақтарға миллиондаған долларлық тапсырыс беріп қойған. Жалпы жаңа тариф 18 қазаннан бастап күшіне енбек. Десе де АҚШ билігі Еуроодақпен жүргізілетін келіссөздерге қарай тарифті қайта қарастыруы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы