389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелес метросында ән айтқан кезбе әйелге танымал продюсер келісімшарт ұсынды

  • 311
  • UPD: 09:39, 04.10.2019
Лос-Анджелес метросында ән айтқан кезбе әйелге танымал продюсер келісімшарт ұсынды

Екі рет «Грэмми» жүлдесіне үміткер болған белгілі продюсер әрі композитор Джоэль Даймонд Лос-Анджелес метросында ән айтуымен танылған ресейлік эмигрантқа келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Тенгри ньюс TMZ сілтеме жасап. 

Даймондтың айтуынша, ол Эмили Замуркамен бірге «классикалық және электронды-би музыкасы жанрлары араласатын жаңа хит» жазуға үмітті.

Еске салайық, бұған дейін Лос-Анджелес полициясы метроның бос платформасында ән айтқан үйі жоқ белгісіз әйелдің видеосын жариялаған. Онда әйел италиялық композитор Джакомо Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан ария орындайды. 

Хабар 24 телеарнасы