389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ірі жол апатынан 10 адам мерт болды

  • 142
Қытайда ірі жол апатынан 10 адам мерт болды

Кеше, таңғы 6:30-да Нанкин-Лоян магистралінде аяқ асты тұманды бұлттың пайда болуының салдарынан бірінен соң бірі 4 жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бэнбу қаласы Қытай коммунистік партиясы насихат бөлімінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан 9 адам оқиға орнында жан тәсілім еткен, ал бір адам шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде көз жұмған, тағы 7 адам жарақат алды. 17 көлік әртүрлі деңгейде бүлінген.

10:17-де апаттық бөліктерде екі бағыт бойынша да қозғалыс ашылды, 13:30-да тергеу операциялары аяқталып, қозғалыс толықтай қалпына келтірілді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы қажетті ем-дом алуда, апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы