389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Украинаға Javelin зымыранын сатады

  • 149
АҚШ Украинаға Javelin зымыранын сатады Телеканал Звезда

Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік департаменті Украинаға Javelin танкіге қарсы зымырандарын сататын болды.

Киев 40 млн долларға 150 дана қару-жарақ алады. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Украина бұл жүйелер арқылы ел тұтастығын сақтап қалу үшін қорғаныс саласын күшейтіп алмақ.

Айта кетейік, АҚШ-тан қару сатып алу өтінішін Киев жаз айында жолдаған еді. 2018 жылы мемлекет Вашингтоннан 200 зымыран мен 37 ұшыру құрылғыларын сатып алған екен.

Хабар 24 телеарнасы