389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада Ан-12 ұшағы әуежай маңына апатты жағдайда қонды

  • 264
  • UPD: 13:19, 04.10.2019
Украинада Ан-12 ұшағы әуежай маңына апатты жағдайда қонды

Бүгін таңертең радардан жоғалып кетіп, ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылған Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайының маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ukrinform-ға сілтеме жасап.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазан күні сағат 07:10-да «Львов» халықаралық әуежайынан 13,7 шақырым қашықтықта Ан-12 ұшағы радардан жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті.

«07:29-да экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы мәлім еткен. 07:46-да Ан-12 ұшағы ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылды», –  делінген хабарламада.

Ұшақ өртенбеген.

Экипажды зақымдалған ұшақтан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы