389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда алтын ескерткіш ашылды

  • 159
Үндістанда алтын ескерткіш ашылды

Үндістанда 50 келі таза алтыннан жасалған ескерткіш ашылды.

Ол он қолы бар Дурги құдайшасы құрметіне орнатылыпты. Бағалы металдан жасалған композицияда индуизм құдайлары пантеонының өзге де құдайлары бейнеленген. Жалпы олардың барлығын мүсіндеуге 110 келі күміс пен алтын қолданылған. Ерекше ескерткіш Наватари фестиваліне орайластырылған. Алайда ол өте құнды болғандықтан, адамдардың жақындауына рұқсат жоқ. Оны тек алыстан көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы