389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде бірлесіп пайдаланылатын нысандардың саны артады

  • 156
  • UPD: 14:56, 04.10.2019

Оңтүстік Корея астанасында бірлесіп пайдаланылатын нысандардың саны артады.

Бұл туралы халықаралық инновациялық форумда қала мэрі мәлімдеген. Сеулде жеті жыл бойы тұрғындардың шығындарын азайтуға бағытталған бағдарламалар жүзеге асып келеді. Оған мысал ретінде автокооперативтерді келтіруге болады. Осы бірлестікке мүше адамдар көліктерімен алмаса алады. Көлік тұрақтарымен алмасу жобасы да бар. Бұл бағдарламаларды қаржыландырудың бір бөлігін қалалық мэрия өз мойнына алған. Осындай жобалар тұрғындардың қаражатын үнемдеумен қатар ауаның ластануын да азайтады. Өзге жобалар арасында кітаптармен алмасу бағдарламасы және тұрғын үйлерді бірлесіп пайдалануды атауға болады. Егде жастағы кісілер пәтерлеріндегі бөлмені студенттерге шағын ақыға жалға бере алады. Өз кезегінде жастар пәтер иелеріне тұрмысындағы шаруаларға көмектеседі. 

Пак Вон Сун, Сеул қаласының мэрі:

– Сеул мэриясы қала тұрғындарына пайдалы жобаларды қолдайды. Келесі жылы осы мақсатқа 167 миллион доллар бөлінеді. Қала мүлкін бірлесіп пайдалану жөнінде тұрғындармен ақылдасып, бәріне қолайлы болатын жобаны іске асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы