389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ан-12 ұшағының апатты жағдайда қонуы салдарынан 5 адам қаза тапты

  • 201
  • UPD: 14:40, 04.10.2019
Ан-12 ұшағының апатты жағдайда қонуы салдарынан 5 адам қаза тапты Tacc

«Украина Аэроальянс» авиакомпаниясының Ан-12 ұшағы Украинаның Львов қаласы маңына апатты жағдайда қонып, салдарынан 5 адам қаза тапты.

Украинаның инфрақұрылым министрі өзінің Facebook-тегі парақшасында «бес адам қайтыс болды» деп жазды, деп хабарлады ТАСС.

«Украина Аэроальянс» әуекомпаниясының Ан-12 ұшағы Испанияның Виго қаласынан Украинаның Львов қаласына жете бергенде апатты жағдайда қонған болатын.

Ұшақ ұшу-қону жолағына 1,5 шақырым жетпей жерге қонды. Бортта экипаждың 7 мүшесі мен 1 адам болған. Алғашында 3 адам қайтыс болғаны туралы хабарланды.

«Украина 112» телеарнасының хабарлауынша, апат жанармайдың жетіспеушілігінен немесе пилоттық қателік салдарынан болуы мүмкін. Сонымен бірге апат аймағында қатты тұман болған.

Хабар 24 телеарнасы