389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде 3 мың адам президентті қолдап, наразылық акциясына шықты

  • 155
  • UPD: 17:19, 04.10.2019
Перуде 3 мың адам президентті қолдап, наразылық акциясына шықты

Перуде 3 мың адам президент Мартин Вискарраны қолдап, наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін мемлекет басшысы конгрессті таратып жіберген болатын. Себебі депутаттар конституциялық сотқа қатысты президенттің бастамасын қолдаудан бас тартқан. Ізінше, Мартин Вискарра 26 қаңтар күні мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді. Бірақ конгрессте басымдыққа ие оппозиция өкілдері президенттің бұл қадамын мемлекеттік төңкеріске балап, Вискарраны диктатор деп айыптайды. Сөйтіп, оның орнына вице-президент Мерседес Араосты тағайындайды. Араос ант қабылдаған соң президент лауазымын атқарудан бас тартып, отсавкаға кетті.

Хабар 24 телеарнасы