389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадор жанармайға қатысты шешімін өзгеріссіз қалдырды

  • 140
  • UPD: 12:39, 05.10.2019
Эквадор жанармайға қатысты шешімін өзгеріссіз қалдырды

Эквадор билігі елдегі жаппай наразылық шерулеріне қарамастан жанармайды субсидиялауды қайта қалпына келтірмейді.

Бұл туралы осы мемлекеттің басшысы Ленин Морено өзінің Твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні Эквадор үкіметі жанармайды сатып алуда мемлекеттік көмектен бас тартып, бензин бағасы шарықтап кеткен болатын. Үкіметтің шешіміне қарсы наразылық шерулері басталып, тәртіпсіздіктер болды. Полициямен қақтығыс кезінде ондаған адам жарақат алып, 375 шеруші қамауға алынды. Билік жағдайды тұрқтандыру үшін елде төтенше жағдай енгізді.

Хабар 24 телеарнасы