389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханзада Гарри қос бірдей таблоидты сотқа берді

  • 134
  • UPD: 15:13, 05.10.2019

Ұлыбританияда Гарри ханзада Sun және Daily Mirror газетіне қарсы сотқа шағымданды. Оған екі басылымның телефон арқылы берілген дыбыстық хабарламаларды заңсыз тыңдауы себеп.

Екі басылым шағымға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні ханзада Гарридің жұбайы Меган Маркл Mail on Sunday газетін сотқа берген. Бұл басылым Марклдың әкесіне жазған хатын жариялап жіберген. Жалпы патшайым Элизавета Екіншінің отбасы белді басылымдармен алғаш рет соттасып отырған жоқ. Мұндай жағдай 2000 жылдың ортасында болып, News of the World (Ньюс оф зе Уолд ) газетінің жабылуымен аяқталған.

Хабар 24 телеарнасы