389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атақты Бэнксидің шулы картинасы 12 млн долларға сатылды

  • 185
Атақты Бэнксидің шулы картинасы 12 млн долларға сатылды

Ұлыбританияда атақты суретші Бэнксидің «Азғындаған парламент» картинасы рекордтық сомаға сатылды.

Бәс саудада кенепке салынған ең үлкен туындының ақтық бағасы 12 миллион долларға жетті. Бұл бәссауда ұйымдастырушылары күткен сомадан шамамен 5 есеге көп. Британ парламентіндегі депутаттарды маймыл бейнесінде көрсеткен шулы туындының ені – 4, биіктігі 2 жарым метр. Бэнкси оны бұдан 10 жыл бұрын салған.

Хабар 24 телеарнасы