389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операция жүргізбек

  • 182
Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операция жүргізбек rg.ru

Түркия Сирияның солтүстік өңірі, Ефрат өзенінен шығысқа қарай әскери операция жүргізуге дайын.

Президент Режеп Тайып Ердоған осылай деп мәлімдеді. Анкара бұл арқылы Түркия шекарасына жақын Сирия аймағын күрд жасақтарынан тазартып, онда қауіпсіздік аймағын құрмақ ниетте. Содан кейін 2 миллион босқынды орналастырмақ. Айта кетейік, тамыздың 7-сі күні АҚШ пен Түркия сириялық мигранттар үшін осы елдің солтүстігінде қауіпсіздік аймағын құру туралы келісімге келген болатын. Оның ені – 30, ұзындығы 480 шақырым.

Хабар 24 телеарнасы