389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румынияда жол апатынан 10 адам қаза тапты

  • 170
  • UPD: 21:29, 05.10.2019
Румынияда жол апатынан 10 адам қаза тапты

Румынияның оңтүстік-шығысында шағын автобус пен жүк көлігі соғысып, 10 адам опат болды.

Тағы 17 жолаушы жарақат алды. Оқиға Яломица уездіндегі Сфанту Георге ауылының маңында болған. Мұнда жүк көлігі белгісіз себептерден қарсы жолға шығып кетіп, шағын автобусты соққан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы