389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда АҚШ пен Солтүстік Корея өкілдерінің келіссөзі нәтижесіз аяқталды

  • 134
  • UPD: 14:15, 06.10.2019
Швецияда АҚШ пен Солтүстік Корея өкілдерінің келіссөзі нәтижесіз аяқталды

Пхеньянның мәлімдеуінше, оған америкалық тарап кінәлі.

Себебі, олар кездесу барысында ешқандай тұшымды ұсыныс жасамаған. Дегенмен, тараптар алдағы апталарда қайта кездесетін болып уағдаласты.

Айта кетейік, бұған дейін «Таймс» басылымы Швециядағы кездесуде Вашингтон Солтүстік Кореядан Ионбёндегі ядролық орталығын жабуды ұсынуы мүмкін деп жазған болатын. Бірақ АҚШ билігі бұған қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы