389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сириямен шекара маңына әскер шоғырландырылып жатыр

  • 148
  • UPD: 14:26, 06.10.2019
Түркия Сириямен шекара маңына әскер шоғырландырылып жатыр

Түркия Сириямен шекара маңына қосымша әскери күштерін шоғырландырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара шам елінің солтүстігін күрд жасақтарынан тазалауға бағытталған. Алайда әскери іс-қимыл ірі соғысқа ұласу қауіпі бар. Себебі күрдтер де түріктердің шабуылына тойтарыс беруге дайын екенін айтуда.

Еске сала кетейік, кеше Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ефрат өзенінен шығысқа қарай күрд лаңкестеріне қарсы операция жүргізілетінін хабарлаған. Анкара бұл арқылы шекаралас өңірде қауіпсіздік аймағын құрып, онда сириялық босқындарды орналастыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы