389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit жыры: Шотландия соты Британия үкіметінен хат алды

  • 144
  • UPD: 19:00, 06.10.2019
Brexit жыры: Шотландия соты Британия үкіметінен хат алды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуроодақпен келісімге келе алмаса брексит күнін кейінге шегеруді сұрайды.

Шотландия соты Британ үкіметінен осындай хат алды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Құжатқа қарағанда үкімет басшысы Брюссельден брексит мерзімін ұзартуды қазанның 19-ына дейін сұраған болуы керек. 

Айта кетейік, британ парламенті бұған дейін үкіметке Одақтан келісімсіз шығуға тыйым салатын шешім қабылдаған. Бірақ премьер-министр Борис Джонсон  қазанның 31-і күні қайтсе де ЕуроОдақтан іргесін бөлетінін айтып келген еді.

Хабар 24 телеарнасы