389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте халық ереуілі тәртіпсіздікке ұласты

  • 145
Гонконгте халық ереуілі тәртіпсіздікке ұласты Известия

Гонконг жұртының да тынышталатын түрі жоқ.

Осы жолы халық ереуіл кезінде бетперде киюге тыйым салатын заңға қарсылығын білдіріп, тағы бас көтерді. Жаңа заңға сәйкес демонстрацияға бетперде киіп шыққандар 1 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Наразылар шаһардың басты көшелерін жауып, көлік қозғалысына кедергі жасады. Өңірде дүкендер, мейрамханалар мен банктер жабық. Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен шоқпар қолданған. Оларға жауап ретінде ереуілшілер полицияға кірпіш пен жарылғыш заттарды лақтырды. Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы