389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта ереуіл кезінде 100-ден астам адам қаза тапты

  • 158
Иракта ереуіл кезінде 100-ден астам адам қаза тапты vestifinance.ru

Иракта халықтың жаппай ереуілі басылар емес. Демонстрацияда қаза тапқандардың саны 100-ден асты.

Олардың 8-і – үкімет жасағы. Тағы 6 мыңнан астам тұрғын түрлі жарақат алған. Үкіметке қарсы акция осыдан 5 күн бұрын басталып, тәртіп сақшыларымен қақатығысқа ұласты. Ашуға бой бергендер 51 ғимарат пен саяси партиялардың 8 бөлімшесін өртеп жіберген. Халық елде жұмыссыздық пен жемқорлықтың белең алуына наразы. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шараға қатысқан 500-ден астам белсенді қамауға алынды. Аймақта коменданттық сағат енгізіліп, әлеуметтік желілер мен месенджерлер бұғатталған болатын. Айта кетейік, Ирак мұнай қорының көлемі бойынша әлемде төртінші орында тұр. 2018 жылы елде еңбекке жарамды халықтың 17 проценті ғана уақытша жұмыс таба алды. Ел тұрғындары 2014 жылы басталған соғыстан әлі күнге дейін көз ашпай келеді. Дүниежүзілік банктың мәліметі бойынша, Ирактың инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін кемінде 88 млрд доллар қаражат қажет.

Хабар 24 телеарнасы