389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте көп балалы отбасыларға қандай көмектер қарастырылған

  • 150
  • UPD: 12:34, 07.10.2019

Беларусьте көп балалы отбасыларға тегін баспана беріледі.

Мұндай жеңілдікке 4 баласы барлар қол жеткізе алады. 3 бала бағып отырған ата-аналарға да қолдау бар. Олардың тұрғын үйге деп алған несиесінің жартысын мемлекет өтеп береді. Беларусьте көп балалы отбасыларға тағы қандай көмек қарастырылған?

Бүгінде Беларусьте отбасы құндылықтарын дәріптеуге ерекше мән беріліп келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана елдегі бала туу мен көп балалы отбасылар көрсеткіші төмендеп кеткен еді. Осыған байланысты мемлекет осы мәселе төңірегінде ұстанған бағытын түпкілікті өзгертті. Сөйтіп көп балалы отбасыларға жеңілдіктер мен жәрдемақылар беріле бастады. Мұндай көмекті алғандардың қатарында Таболиндер жанұясы да бар.

Юрий Таболин, көп балалы әке:

– Бұл – әрине отбасы капиталы үшін айтарлықтай көмек. Біздің банк шотымызға 10 мың доллар түсті. Енді оны Маргарита 18 жасқа толғанда пайдалана аламыз.

Елдегі көп балалы отбасылардың жартысынан астамының жағдайы орташа. Олардың тұрмысы кедейлік шегінен төмендеп кетпеу үшін мемлекет барынша қолайлы жағдай жасауға тырысып бағуда. Атап айтқанда, жәрдемақы төлеу, мектепте тегін тамақтану, ата-аналарға қосымша демалыс күндерін беру қарастырылған. Тағы бір жаңашылдық – көп балалы аналар зейнетке ерте шыға алады. Ал 9-дан көп бала бағып отырған ата-аналарға көтеріңкі зейнетақы төленеді. Десе де, көп балалы отбасылар үшін баспаналы болу – басты мәселе болып қалуда. Бірақ бұл да жақын уақытта шешімін таппақ.

Олег Чесалов, Минск қалалық кеңесінің депутаты:

– 3 немесе одан да көп баласы бар отбасылар жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі бар. Ол жылына 1 пайызбен 40 жылға дейін беріледі. Сонымен қатар 3 баласы бар жанұялардың алған несиесінің 70 процентін мемлекет өз мойнына алады. Ал 4 немесе одан да көп баланы бағып отырған отбасылардың несиесін мемлекет толықтай өтейді.

2020 жылдан бастап Беларусьте көмектің жаңа түрі іске қосылмақ. Нақтылай айтқанда, жыл бойы көп балалы отбасыларға баспана беріле бастайды. Қазір тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімдері мен болашақ баспана иелерінің тізімі толықтай бекітілген. Бұған қоса, батыр аналардың декреттік демалыс уақыты еңбек өтілі ретінде есептелмек. Аталған жоба жақын уақытта қарастырылады.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы