389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция кәсіпкерлері тығырыққа тірелді

  • 119
Франция кәсіпкерлері тығырыққа тірелді

Еуроодақ АҚШ-пен арадағы экономикалық мәселелерін қазанның 18-іне дейін шешпесе, француз кәсіпкерлері тығырыққа тіреледі.

Ресми Вашингтон еуропалық өнімдерге 25 пайыз баж салығын енгізген жағдайда Америкаға тауар тасымалдау тиімсіз болып қалмақ. Бұдан әсіресе шарап өндірісі құлдырауы мүмкін. Ал ресми дерекке сүйенсек, Франция былтыр өндірген шараптың 20 пайызын Құрама Штаттарға жөнелтіпті. Ақшамен есептегенде, оның құны 1 миллиард долларға тең.

Лионель Лавай, Cozes шаруашылығының қожайыны:

– Біз келер жылға алаңдаймыз. Себебі ең қарқынды дамушы нарық саналатын Қытай экономикасы тоқырай бастады. Бұдан бөлек, АҚШ пен Канада нарығына үміт артқан едік. Бірақ Құрама Штаттар баж салығын енгізсе, жағдайымыз тіпті ауырлайын деп тұр.

Хабар 24 телеарнасы