389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киев тұрғындары «Штайнмайер формуласына» қарсы наразылық білдірді

  • 156
Киев тұрғындары «Штайнмайер формуласына» қарсы наразылық білдірді

Киевте «Штайнмайер формуласына» қарсы наразылық шарасы өтті.

Жұрт Тәуелсіздік алаңына жиналып, кейін президент әкімшілігіне қарай жылжыды. Шерушілер Донбасқа ерекше мәртебе беретін құжатқа қарсылық білдіріп, мұны сепаратистер алдында тізе бүгу деп санайды. Аталған құжатқа қазанның басында Украина жағынан Леонид Кучма қол қойған болатын. Айта кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі, қазіргі президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Украина шығысындағы аймаққа ерекше мәртебе беру туралы заңды уақытша енгізуді ұсынған еді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ондағы сайлауды ашық әрі демократиялық деп танығаннан кейін Донбастың мәртебесін түпкілікті бекіту қажет деп ұсыныс айтқан. Бұл ұсыныс «Штайнмайер формуласы» деп аталды.

Хабар 24 телеарнасы