389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда азық-түлік бағасын көтерген дүкен иелері қамауға алынуда

  • 151
Эквадорда азық-түлік бағасын көтерген дүкен иелері қамауға алынуда Газета.Ру

Эквадор билігі азық-түлік бағаларын шарықтатып жіберген дүкен иелерін қамауға ала бастады.

Үкіметтің мәліметіне сай, қазір 20 адам тұтқындалыпты. Айта кетсек, елдегі жағдай президент Ленин Мореноның қатаң үнемдеу шараларынан соң ушыққан еді. Мемлекет басшысы жанармайға бөлінетін субсидияны алып тастау туралы құжатқа қол қойған соң, елде отын бағасы шарықтап кеткен болатын. Осыған байланысты тұрғындар биліктен бұл реформадан бас тартуын талап етті. Елде жаппай наразылық шерулері басталып, тәртіпсіздіктер орын алды. Полициямен қақтығыс кезінде бірнеше адам жарақат алып, ондаған шеруші қамауға алынды. Қазір елде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы