389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда мигранттардың мәселесі ушығып тұр

  • 125
  • UPD: 14:14, 07.10.2019
Грекияда мигранттардың мәселесі ушығып тұр

Грекиядағы 3 000 орынға арналған Мориа лагерінде өзге елден келген кірмелердің саны 13 мыңнан асып кетті.

Олардың ішінде балалар мен әйелдер көп. Осыған орай жергілікті билік Грекияның Лесбос аралындағы 570 мигрантты Пирей портына жөнелтті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, келімсектер кейін Салоники қаласының маңындағы лагерьге жайғасатын болады. Естеріңізге салайық, жуырда Лесбос аралында босқындар қоныс аударуды талап етіп, адамдар тұрып жатқан контейнерді өртеп жіберген. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, 17 мигрант жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы